date

Арсенал өз алаңында Вест Хэмді сенімді жеңді

Арсенал өз алаңында Вест Хемді сенімді жеңді

Англия Премьер-Лигасының 7-турындағы кездесуде "Арсенал" өз алаңында "Вест Хэм Юнайтедті" қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің бірінші таймында бұрынғы "Вест Хэм" ойыншысы Деклан Райс 38-минутта есеп ашты. Екінші таймда команданың көшбасшысы Букайо Сака пенальтиден гол соқты (67’).

"Арсенал" ойын барысында допты бақылауда басымдық көрсетті — 69% қарсы 31%, және 565 пас орындады. "Вест Хэм" қорғаныста айтарлықтай қиналды және бірде-бір рет қақпаға соққы жасай алмады.

Статистика:

• Соққылар: Арсенал – 21, Вест Хэм – 4

• Қақпаға дәл соққылар: 5 – 0

• Допты бақылау: 69% – 31%

• Пас саны: 565 – 263

• Пас дәлдігі: 87% – 78%

• Сары қағаздар: 0 – 2

• Офсайдтар: 1 – 1

• Бұрыш соққылары: 8 – 3

Жеңістен кейін "Арсенал" 16 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Арсенал өз алаңында Вест Хэмді сенімді жеңді