date

Севилья Барселонаны ірі есеппен жеңді

Севилья Барселонаны ірі есеппен жеңді!

Ла Лиганың 8-турындағы кездесуде "Севилья" өз алаңында "Барселонаны" 4:1 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы бөлігінде-ақ андалусиялықтар басымдыққа ие болды:

13-минутта А. Санчес пенальтиден есепті ашты, 36-минутта И. Ромеро есепті 2:0-ге жеткізді.

"Барселона" бірінші тайм соңында Маркос Решфордтың голы арқылы есеп айырмасын қысқартты (45+7’). Алайда екінші таймда "Севилья" тағы да белсенді ойнап, 90-минутта Кармона, 90+6-минутта Адамс соққан голдар есепті ірі етіп қойды.

Ойын статистикасы:

• Соққылар: Севилья – 13 / Барселона – 17

• Дәл соққылар: 5 – 8

• Допты бақылау: 39% – 61%

• Пас: 265 – 426

• Пас дәлдігі: 77% – 85%

• Фолдар: 18 – 9

• Сары қағаздар: 7 – 4

• Бұрыштар: 7 – 6

• Офсайдтар: 10 – 0

Бұл жеңіс арқылы "Севилья" турнир кестесінде жоғары көтеріліп, "Барселонаны" жеңу арқылы чемпиондық бәсекені қыздыра түсті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Севилья Барселонаны ірі есеппен жеңді