date

"Интер Майами" Альбаның орнына "Реалдың" бұрынғы ойыншысын алып келмекші

"Интер Майами" Альбаның орнына "Реалдың" бұрынғы ойыншысын алып келмекші

Маусым аяқталысымен мансабын аяқтап жатқан Жорди Альбаның орнын кім басады? АҚШ-тағы дереккөздерге қарағанда, "Интер Майамидің" негізгі үміткері - "Реал" сапынан шыққан, қазір еркін агент мәртебесіне ие Серхио Регилон.

Испандық қапталдағы қорғаушы жылдамдығымен, үлкен көлемде жүгіруімен және шабуылға қосылудағы белсенділігімен танымал. Дәл осы қасиеттер МЛС-тегі динамикалық ойынға сәйкес келеді, клубқа сол қапталда жаңа дем бере алады. Ең бастысы - трансфер үшін ақы төленбейді, бұл келісімшарт талаптарын келісуді әлдеқайда жеңілдетеді.

Регилон мансабында "Реал Мадрид," "Севилья," "Атлетико Мадрид," "Манчестер Юнайтед," "Тоттенхэм" және "Брентфорд" сияқты клубтарда ойнаған. "Transfermarkt" бағалауы бойынша, 27 жастағы қорғаушының нарықтық құны 6 миллион еуроға тең.

Албаның кетуінен кейін сол қанатты қайта құру клуб үшін басымдыққа айналады. Осындай жағдайда тәжірибелі, жоғары деңгейде бәсекелесетін Регилон "Интер Майами" үшін қисынды және қауіпсіз нұсқа ретінде қарастырылуда. Қалғаны - келіссөздер мен жаттықтырушылар штабының шешіміне байланысты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Интер Майами" Альбаның орнына "Реалдың" бұрынғы ойыншысын алып келмекші