date

"Реал" шу шығарғысы келеді: Винисиустың орнына Холандты алу жоспары құрылды

"Реал" шу шығарғысы келеді: Винисиустың орнына Холандты алу жоспары құрылды

"Манчестер Сити" клубының негізгі шабуылшысы және сұрмергені Эрлинг Холанд Англия Премьер-лигасында әлемдік деңгейдегі шеберлігін көрсеткенге дейін Австрия және Германия чемпионаттарында өз талантын көрсеткен.

25 жастағы норвегиялық жұлдыздың қазір "қалалықтармен" 2034 жылдың ортасына дейін келісімшарты бар. Дегенмен, жетекші еуропалық БАҚ-тар жазғандай, оның келесі мекені Испания болуы ықтималдығы артып келеді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, "Барселона" басшылығы өзінің ежелгі қарсыласы - "Реал Мадридпен" тең дәрежеде күресу үшін командаға Эрлинг Холандты алып келу жоспарын жасап жатыр. Каталониялық клуб бұл трансферді команданың жаңа "күніндей" көреді.

Бірақ бұл жолы "Реал" да бос тұр деу қиын. Transfer News Live, El Larguero және Cadena SER дереккөздерінің хабарлауынша, мадридтік команда да шабуыл шебін күшейту үшін Холандты алуды көздеп отыр.

Мәліметтерге қарағанда, клуб президенті Флорентино Перес бірнеше жылдан бері Мбаппе мен Холандтан тұратын "супер жұп" құру идеясын көкейінде ұстап келеді. Енді ол бұл жоспарды жүзеге асыру үшін қайтадан белсенді әрекет ете бастады.

Әсіресе, Винисиус Жуниордың болашағы небәрі бірнеше аптаның ішінде күмәнді болып тұрғанда, бұл жоспар тіпті өзекті бола түсті. Дереккөздердің айтуынша, клуб басшылығы бразилиялық вингерді ықтимал сатылым туралы ескерткен және осы жолмен Эрлинг Холандты әкелу мүмкіндігін жасауды көздеп отыр.

"Transfermarkt" сарапшыларының бағалауынша, норвегиялық шабуылшы қазір шамамен 180 миллион еуроға бағаланып отыр. Егер "Реал" Винисиусты сатуға шешім қабылдаса, бұл қаражатты төлеу мадридтік команда үшін үлкен проблема тудырмайды.

Эрлинг Холандтың трансфері футбол әлемінде үлкен шу тудыратыны күтілуде. Оның Испания чемпионатына жолдама алуы "Реал" мен "Барселона" арасындағы бәсекелестікті одан әрі қыздырып қана қоймай, бүкіл Еуропа футболында жаңа дәуірді бастауы мүмкін.

Әзірге "Манчестер Сити" өкілдері бұл туралы ресми түсініктеме берген жоқ. Алайда футбол сарапшыларының пікірінше, егер бұл трансфер жүзеге асса, Эрлинг Холандтың Мадридтегі дебюті жылдың ең есте қаларлық оқиғасы болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Реал" шу шығарғысы келеді: Винисиустың орнына Холандты алу жоспары құрылды