date

Мбаппе мен Мастантуоно «Эль-Класикоға» қатыса ала ма?

Мбаппе мен Мастантуоно «Эль-Класикоға» қатыса ала ма?

ФИФА күндері кезінде ұлттық құрамалар сапында жарақат алған Килиан Мбаппе (Франция) мен Франко Мастантуоно (Аргентина) туралы жаңалық жанкүйерлерді қуантты. «Cope» басылымының хабарлауынша, екі футболшы да «Эль-Класикоға» дейін қалпына келіп, командаларына көмектесуге дайын болады.

Мәліметтерге сәйкес, Мбаппе тобығындағы аздаған мәселеден кейін медициналық тексеруден сәтті өткен. «Реал Мадрид» дәрігерлері шабуылшыда ауыр жарақат жоқ екенін айтып, оның алдағы ойындарға қатыса алатынын растады.

Сондай-ақ «Реалдың» жас таланты Франко Мастантуоно ұлттық құрама жиынында бұлшық еттерінде жайсыздық сезінген болатын. Дәрігерлер оның жағдайының ауыр емес екенін айтып, жақын арада жаттығуға оралатынын жеткізді.

Сарапшылардың пікірінше, екі жұлдыздың сауығуы 26 қазанда «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтетін Ла Лиганың 10-турындағы «Эль-Класико» алдында аса маңызды. Бұл матч чемпиондық жарыста да үлкен рөл атқарады.

Қазіргі уақытта «Реал Мадрид» 20 қазаннан 21 қазанға қараған түні «Хетафеге» қарсы ойнайды. Бұл кездесу Мбаппе үшін жарақаттан кейінгі алғашқы сынақ болуы мүмкін.

Осылайша, екі футболшының да жақын күндері негізгі құрамға қайта оралуы күтілуде — бұл «Эль-Класико» алдындағы тартысты одан сайын қыздырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе мен Мастантуоно «Эль-Класикоға» қатыса ала ма?