date

Ямал көшбасшы, Гүлер мен Рафинья артта: ең креативті футболшылар рейтингі...

Ямал көшбасшы, Гүлер мен Рафинья артта: ең креативті футболшылар рейтингі...

Халықаралық спорт зерттеу орталығы (CIES) соңғы алты айда ең көп шабуылдық жағдай жасаған футболшылар тізімін жариялады. Рейтинг тиімділікке, дриблингке, дәл пасқа және қауіпті шабуылдарға негізделген.

Бірінші орынды “Барселона”ның жас жұлдызы Ламин Ямал иеленді — 100 балл. Жасына қарамастан, ол команда шабуылының негізгі тұлғасына айналды.

Екінші орында “Реал Мадрид”тің жартылай қорғаушысы Арда Гүлер (98,1 балл). Оның техникасы мен ойын сезімі сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Үшінші орында “Барселона” ойыншысы Рафинья Диас (95,3 балл).

Топ-15 төмендегідей қалыптасты:

  1. Ламин Ямал (“Барселона”) — 100

  2. Арда Гүлер (“Реал”) — 98,1

  3. Рафинья Диас (“Барселона”) — 95,3

  4. Мұхаммед Салах (“Ливерпуль”) — 95,2

  5. Федерико Димарко (“Интер”) — 93,3

  6. Кевин де Брюйн (“Наполи”) — 93,3

  7. Исмаила Сарр (“Кристал Пэлас”) — 92,8

  8. Дан Битон (“Хапоэль” Беэр-Шева) — 92,4

  9. Юнус Акгүн (“Галатасарай”) — 91,6

  10. Джердан Шакири (“Базель”) — 91,5

  11. Франсишку Тринкау (“Спортинг”) — 91,4

  12. Педро Порро (“Тоттенхэм”) — 91,1

  13. Христос Цолис (“Брюгге”) — 90,8

  14. Коул Палмер (“Челси”) — 90,7

  15. Дани Ольмо (“Барселона”) — 90,3

Сарапшылардың пікірінше, бұл рейтинг жас футболшылардың әлем аренасында маңызы артып келе жатқанын дәлелдейді. Әсіресе, Ямал мен Гүлер өз буынының жаңа көшбасшыларына айналуда.

“Барселонадан” үш ойыншының тізімге енуі каталондықтардың шабуылдық жүйесінің тиімділігін тағы бір рет көрсетті.

Осылайша, Ямалдың көшбасшылығы мен Гүлердің тез өсуі 2025 жылғы футболда жаңа буын шабуылшылары дәуірінің басталғанын білдіреді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ямал көшбасшы, Гүлер мен Рафинья артта: ең креативті футболшылар рейтингі...