date

Гвардиола: “Джон Стоунз әлі өз формасына қайта алмады”

Гвардиола: “Джон Стоунз әлі өз формасына қайта алмады”

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола команда қорғаушысы Джон Стоунздың денсаулығына қатысты пікір білдірді. Испан маманы ойыншының жарақат кезеңі артта қалғанына үміт білдірді.

«Үміттенемін, оның жарақатпен байланысты қиындықтары аяқталды. Келісімшарты жазда бітеді ме? Бұл туралы мен емес, клуб басшылығы шешім қабылдайды. Біз үштік жеңіске жеткен маусымда Джон тамаша ойнады, бірақ содан бері тұрақты ойын ырғағын таба алмай келеді. Қазір күтеміз — уақыт бәрін көрсетеді», — деді Гвардиола.

Ақпаратқа сүйенсек, Джон Стоунз 2016 жылдан бері «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол 31 жаста және осы маусымда бар болғаны алты матчта алаңға шыққан, бірақ нәтижелі әрекетпен көзге түспеген.

Гвардиоланың айтуынша, қорғаушы толық формасына оралу үшін әлі уақыт қажет. «Стоунз өте мықты ойыншы, егер ол сау болса, біздің командамыз одан сайын күшейеді. Ең бастысы — оның толық қалпына келуі», — деп қосты бапкер.

Жанкүйерлер қорғаушының жақын арада алаңға оралып, «Ситидің» қорғанысын нығайтуын күтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола: “Джон Стоунз әлі өз формасына қайта алмады”