date

"Челси" жұлдызы такси жүргізгені туралы хабарлар жоққа шығарылды

"Челси" жұлдызы такси жүргізгені туралы хабарлар жоққа шығарылды

Әлеуметтік желілерде Украина құрамасы мен Лондонның "Челси" клубының футболшысы Михаил Мудрик такси жүргізушісі болып жұмыс істейтіні туралы хабар тарады. Хабарламалар алдымен X (бұрынғы Twitter) платформасында пайда болып, футболшының жаңа мамандық таңдағаны айтылды.

Бұл мәліметтерге тіпті Uber қосымшасында "Михайло" атты жүргізушінің профиль суреті де қосылған, ол Мудрикке қатты ұқсайды. Алайда бұл суреттердің шынайылығы дәлелденбеген. Олар жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе монтаждалған болуы мүмкін.

Ең бастысы, Мудрик қазір Ұлыбританияда жүргізуші куәлігінен айырылған. Ол BMW M8 көлігінде ереже бұзғаны үшін және 18 айда 13 айыппұл төлегені үшін 6 айға жүргізу құқығынан айырылды.

Ескертеміз, футболшы допинг-тесттен өте алмағаны үшін футболдан уақытша шеттетілген. 24 жастағы вингер 2024 жылдың ноябрінен бері алаңға шықпаған. Ол 2023 жылы "Шахтер" клубынан 100 миллион еуроға "Челсиге" ауысты және оның келісімшарты 2031 жылға дейін жарамды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Челси" жұлдызы такси жүргізгені туралы хабарлар жоққа шығарылды