Англия Премьер-лигасының 8-турында өткен басты кездесуде “Ливерпуль” өз алаңында “Манчестер Юнайтедтен” 1:2 есебімен жеңілді.
Ойын басталысымен-ақ “Юнайтед” басымдыққа ие болды — екінші минутта Брайан Мбемо гол салып, есепті ашты. 78-минутта Коди Гакпо есепті теңестірді. Алайда 84-минутта Гарри Магуайр соққан гол қонақтарға жеңіс сыйлады.
“Ливерпуль” бүкіл ойын бойы басым болды:
• 63% допты бақылау
• 17 соққы (6 дәл)
• 394 пас және 94% нақтылық
Дегенмен “Юнайтедтің” нәтижелі шабуылдары өз жемісін берді.
Бұл нәтиже “Ливерпульді” 3-орында қалдырды, ал “Манчестер Юнайтед” 13 ұпаймен 9-орынға көтерілді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз! Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар