date

"Реалдың" бұрынғы жұлдызы Ройстон Дренте инсульт алып, ауруханаға түсті

"Реалдың" бұрынғы жұлдызы Ройстон Дренте инсульт алып, ауруханаға түсті

"Реал," "Фейеноорд" және Нидерланды құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ройстон Дренте инсультке ұшырады. Бұл туралы ол қазір жұмыс істеп жатқан "De Rebellen" клубы әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 38 жастағы футболшы өзін нашар сезінгеннен кейін дәрігерлерге қаралып, ауруханаға жатқызылған.

Әзірге Дрентенің денсаулығы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмеген, бірақ оның жағдайы ауыр екені айтылады. Футболшының жақындары оның жеке өміріне құрметпен қарауды және тыныштық беруді сұрап, бәріне сабыр тіледі. Олар спортшының сауығып кетуі үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын хабарлады.

Айта кетейік, Ройстон Дренте бір кездері Еуропаның жетекші клубтарының бірі - мадридтік "Реал" сапында ойнаған. Қазір ол Нидерландыдағы бұрынғы кәсіби футболшылар командасы - "De Rebellen" сапында ойнап жүр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Реалдың" бұрынғы жұлдызы Ройстон Дренте инсульт алып, ауруханаға түсті