date

U-20 финалында Марокко сенсация жасап, Аргентинаны жеңді

U-20 финалында Марокко сенсация жасап, Аргентинаны жеңді

20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионатының финалында Марокко жастар құрамасы Аргентинаға қарсы ойнап, тарихи нәтиже көрсетті.

Чилидің "Насьонал - Хулио Мартинес Праданос" стадионында өткен шешуші кездесуде африкалық жастар қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Марокко құрамасының 20 жастағы шабуылшысы Яссир Сабири финалда дубль жасап, ойынның қаһарманына айналды. Оның соққылары Аргентина қақпасын 12 және 29-минуттарда тапты.

U-20 Әлем чемпионаты, Финал

Аргентина - Марокко 0:2

Голдар: Сабири 12, 29 (дубль).

Бүгінгі жеңіс Марокко жастар футболы үшін жаңа бет ашты - бұл ел тарихындағы алғашқы U-20 әлем чемпионаты болды. Африка футболы үшін де бұл жетістік ерекше маңызға ие, өйткені соңғы жылдары құрлық құрамалары жастар жарыстарында жоғары нәтиже көрсете алмады.

Сонымен қатар, 3-орын үшін өткен сайыста Колумбия жастар құрамасы Францияны жеңіп, қола медальдарды жеңіп алды.

Ақпарат үшін, U-20 әлем чемпионаттары тарихында ең көп чемпиондықты Аргентина жастар құрамасы жеңіп алған - олар 6 рет жарыс жеңімпазы болған. Бірақ бұл жолы Марокко олардың үстемдігін тоқтата алды.

Осылайша, Яссир Сабири бастаған Марокко жастар құрамасы футбол тарихы үшін есте қаларлық кеш ұйымдастырды - әлемдік футбол сахнасында жаңа буын өз сөзін айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » U-20 финалында Марокко сенсация жасап, Аргентинаны жеңді