date

Харри Магуайр жалақысын қысқартып, "Манчестер Юнайтедте" қалады

Харри Магуайр жалақысын қысқартып, "Манчестер Юнайтедте" қалады

Харри Магуайрдың "Манчестер Юнайтедпен" қазіргі келісімшарты 2025/2026 маусымының соңына дейін жасалған. Euro-football.ru мәліметінше, Магуайр келісімшартты ұзарту үшін жалақысын қысқартуға келісуге дайын.

Өткен аптада "Манчестер Юнайтед" сырт алаңда "Ливерпульді" күтпеген жерден жеңді. Бұл кездесуде Гарри Магуайр жеңіс голын салды.

Магуайр 2019 жылдың жазынан бері "Манчестер Юнайтед" сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 254 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Қорғаушы команданың негізгі ойыншыларының бірі болып саналады. Магуайр алдағы маусымдарда да "Манчестер Юнайтед" сапында ойнауды жалғастыруды көздеп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Харри Магуайр жалақысын қысқартып, "Манчестер Юнайтедте" қалады