date

Куртуа Ла Лига басшылығын Майамидегі ойын үшін сынға алды

Куртуа Ла Лига басшылығын Майамидегі ойын үшін сынға алды

"Реал" қақпашысы Тибо Куртуа "Вильярреал" мен "Барселона" арасындағы Ла Лига матчының АҚШ-та өтуі туралы шешімге қатысты пікір білдірді. Ол баспасөз мәслихатында бұл шешім жарыстың мәнін бұзатынын атап өтті.

Euro-football.ru мәліметінше, Куртуа Ла Лига басшылығының мұндай шешімдері турнирдің әділдігіне нұқсан келтіретінін айтты. Куртуа футболшылардың әрқашан өз алаңында және сырт алаңда ойнауы керектігін атап өтті.

Ол мысал ретінде NBA және NFL лигаларын келтіріп, онда мұндай шешімдерді барлық клуб иелерінің дауысымен қабылдайтынын еске салды. Оның айтуынша, Ла Лига өз қалауы бойынша әрекет етуде.

Куртуа жақында "Реал Сосьедад" пен "Хетафеге" қарсы ойында да үй мен қонақтағы матчтар арасындағы айырмашылықты айқын сезгенін айтты. Ол "Вильярреал" алаңында ойнау әрқашан қиын болатынын атап өтті.

Мәліметтерге қарағанда, "Вильярреал" мен "Барселона" арасындағы Ла Лига матчы үстіміздегі жылдың декабрь айында Майами қаласында өтеді. Бұл шешім Испания футболында кең талқыға түсті.

Бұған дейін де Ла Лига ойындарын шетелде өткізу бастамасы футболшылар мен жаттықтырушылар тарапынан сынға ұшыраған еді. Болашақта мұндай шешімдер футболшылар мен жанкүйерлердің наразылығын тудыруы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Куртуа Ла Лига басшылығын Майамидегі ойын үшін сынға алды