date

“Валенсия”, “Брага” және “Спортинг” Сафаоновты жалға алғысы келеді

“Валенсия”, “Брага” және “Спортинг” Сафоновты жалға алғысы келеді
Матвей Сафонов ағымдағы маусымда әлі бірде-бір ойында алаңға шыққан жоқ. Қысқы трансфер терезесінде ресейлік қақпашы ПСЖ клубынан кетіп, көбірек ойын тәжірибесі бар командаға ауысуы мүмкін.

Euro-football.ru жазуынша, Сафоновты үш еуропалық клуб өз құрамына қосуды қалайды. Бұл клубтардың қатарында Испанияның “Валенсия”, Португалияның “Брага” және Лиссабонның “Спортинг” командалары бар.

ПСЖ 26 жастағы Сафоновты жалға беруге дайын екенін білдірген. Жазда ПСЖ құрамынан италиялық қақпашы Джанлуиджи Доннарумма кеткен еді.

Осыдан кейін Матвей Сафонов клубта екінші қақпашы болып қалды, себебі командаға Люка Шевалье қосылды. Келесі сейсенбі күні ПСЖ Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда “Байерге” қарсы ойын өткізеді.

Аталған кездесуде де Сафоновтың алаңға шығуы күтілмейді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » “Валенсия”, “Брага” және “Спортинг” Сафаоновты жалға алғысы келеді