date

Илья Забарный кеше екі рет пенальти жасап, қызыл қағаз алды

Илья Забарный кеше екі рет пенальти жасап, қызыл қағаз алды

ПСЖ командасы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде сырт алаңда Леверкузеннің "Байер" клубын 7:2 есебімен жеңді. Кездесуде қонақтардың орталық қорғаушысы Илья Забарный сәтсіз ойын көрсетті.

Opta Sports мәліметінше, украиналық футболшы Чемпиондар лигасы тарихында бір матчта екі рет пенальти салған және қызыл қағаз алған үшінші футболшы болды.

Забарный ойында қарсыласына екі 11 метрлік айып соққысын жасауға мүмкіндік беріп, алаңнан қуылды. Илья Забарный 2023 жылдың жазында Англияның "Борнмут" клубынан Франция чемпионы ПСЖ құрамына ауысты.

Париж клубы қорғаушыны 63 миллион еуроға сатып алған. Забарный ПСЖ-мен 2030 жылдың июнь айының соңына дейін ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Илья Забарный кеше екі рет пенальти жасап, қызыл қағаз алды