date

“Бавария” компаниямен келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартты

Бавария компаниясымен келісімшартты 2029 жылға дейін ұзартты
Венсан Компани Мюнхеннің «Бавария» клубымен келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартты. Бұған дейінгі келісім 2027 жылы аяқталуы керек еді.

Euro-football.ru ақпаратына сәйкес, клуб басшылығы Компани «Манчестер Сити» сапына өтіп кетеді деп алаңдаған. Хосеп Гвардиола 2026/27 жылғы маусымнан кейін «Манчестер Сити» бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін.

Сол себепті ағылшын клубы Компаниға қызығушылық танытқан. «Бавария» басшылығы 39 жастағы бапкермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасауға шешім қабылдаған.

Компани 2024 жылдың жазында «Баварияның» бас бапкері болды. Команда өткен маусымда Германия Бундеслигасында жеңімпаз атанған.

Жаңа маусымда барлық жарыстарда қатарынан 12 ойында жеңіске жетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » “Бавария” компаниямен келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартты