date

Брентфорд Ливерпульді 3:2 есебімен жеңді, чемпион алтыншы орынға түсті

Брентфорд Ливерпульді 3:2 есебімен жеңді, чемпион алтыншы орынға түсті
«Ливерпуль» Англия Премьер-лигасының 10-турында «Брентфорд» алаңында 3:2 есебімен жеңілді. Бұл кездесу 25-қазан күні «Брентфорд Коммьюнити» стадионында өтті.

Euro-football.ru мәліметіне сай Ливерпуль бұл матчқа фаворит ретінде келген еді. Матчтың 5-минутында «Брентфордтың» шабуылшысы Данко Уаттара есеп ашты.

Бірінші таймның соңында Кевин Шаде екінші голды соқты да, алаң иелері 2:0 есебімен алға шықты. Ливерпульдің бірінші жауап голын 45-минутта Милош Керкес енгізді.

Екінші таймда «Брентфордтың» шабуылшысы Игор Тяко 60-минутта пенальтиден гол соқты да, есеп 3:1 болды. 89-минутта Мохамед Салах Ливерпульдің екінші голын соқты, бірақ бұл нәтиже өзгерген жоқ.

Осы нәтижеден кейін «Ливерпуль» 15 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орынға түсті. «Брентфорд» болса 13 ұпай жинап, оныншы орынға көтерілді.

Айта кетейік, Ливерпуль соңғы бес ойында Брентфордтан қатарынан жеңіске жеткен еді. Сондай-ақ, команда соңғы кездесуде «Айнтрахтты» 5:1 есебімен жеңіп, төрт матчтық жеңілістер сериясын тоқтатқан еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Брентфорд Ливерпульді 3:2 есебімен жеңді, чемпион алтыншы орынға түсті