date

"Реал" футболшысы Бундеслигаға өтуі мүмкін

"Реал" футболшысы Бундеслигаға өтуі мүмкін
Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Ендрик қысқы трансфер кезеңінде командадан кетуі мүмкін деп күтілуде. 19 жастағы футболшы биылғы маусымда бірде-бір рет алаңға шыққан жоқ.

Сол себепті, "корольдік клуб" басшылығы оны жалға беруге шешім қабылдады. Ендрик те басқа командада өз мүмкіндігін сынап көргісі келеді.

Журналист Патрик Бергердің мәліметінше, жас шабуылшыға Бундеслига тарапынан қызығушылық бар және "Реал" Германиядан келетін ұсыныстарды қарастыруға дайын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Реал" футболшысы Бундеслигаға өтуі мүмкін