date

Тудор отставкаға жіберілмейді

Тудор отставкаға жіберілмейді
Туриннің "Ювентус" клубының бас бапкері Игор Тудор жақын арада қызметінен босатылуы мүмкін деген сыбыстар тараған еді. Жексенбі күні "кәрі синьора" А Серия аясында "Лациоға" қарсы ойында 0:1 есебімен жеңілді.

Бұл "Ювентустың" қатарынан үшінші жеңілісі болып, команда соңғы сегіз кездесуде жеңіске жете алмаған. Соған қарамастан, ilBiancoNero басылымының хабарлауынша, Тудор әзірге отставкаға жіберілмейді.

Клуб басшылығы хорват бапкердің орнына басқа үміткерлерді қарастырып жатыр, бірақ жақын арада оны қызметінен босату жоспарланбаған. "Ювентус" қазір Италия чемпионаты турнир кестесінде сегізінші орында тұр.

Сәрсенбі күні "Бьянконери" өз алаңында "Удинезеге" қарсы ойын өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тудор отставкаға жіберілмейді