date

Левандовски қатарға қайта оралды

Левандовски сапқа қайтты
Барселона командасының жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық. Шабуылшы Роберт Левандовски дүйсенбі күні команданың жаттығуына қатысты.

"Эль-Классико"ға қатысқан футболшылар қалпына келтіру жаттығуларын орындаса, қалғандары күштірек жаттығулар жасады, деп хабарлайды Marca. Левандовски осы аптада өзін қалай сезінетініне байланысты, жексенбі күні өтетін "Эльче"ге қарсы Испания чемпионаты ойынында алаңға шығуы мүмкін.

Кездесу 2 қараша күні өтеді. Еске сала кетейік, жексенбі күні "Барселона" Левандовскисіз Мадридтің "Реал" командасынан қонақта 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Левандовски қатарға қайта оралды