date

Премьер Лига тарихындағы ең аз Боксинг Дей ойындары

Премьер-лига тарихындағы ең аз Boxing Day ойындары
Англияда жыл сайын 26-желтоқсан, яғни Boxing Day (Сыйлықтар күні) дәстүрлі түрде футбол кездесулеріне толы күн болып есептеледі. Әдетте, бұл күні Англия Премьер-лигасының 18-турындағы бірқатар кездесулер өткізіледі.

Алайда биыл негізгі ойындар күні 27-желтоқсан, сенбі күніне белгіленді. The Times басылымының хабарлауынша, биыл 26-желтоқсанда тек бір ғана кездесу өткізілуі мүмкін.

Бұл болса 1945 жылдан бері, яғни Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, Boxing Day үшін ең аз ойындар саны болмақ. Соңғы 80 жылда Boxing Day күні ең аз кездесу 1981 жылы тіркелген болатын, ол кезде тек екі ойын өткен еді.

Футбол жанкүйерлері арасында Boxing Day атауы жиі бүкіл Рождество және Жаңа жыл кезіндегі ойындарға қолданылады. Алайда мерекенің өзі тек 26-желтоқсан күні аталып өтіледі.

Ағымдағы маусымда Премьер-лига Boxing Day және одан кейінгі ойындарға арналған ресми күнтізбені жариялауды кешіктіруде. Бұл жағдай күнтізбе құрастырудағы қиындықтармен түсіндірілуде.

Күнтізбе 15-қазанда жариялануы тиіс еді, алайда әзірге тек қаңтар айының соңына дейінгі ойындар жоспарланған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Премьер Лига тарихындағы ең аз Боксинг Дей ойындары