date

Юрич "Милан" мен кездесуін бағалады

Юрич "Милан"мен кездесуін бағалады
“Аталанта” бас бапкері Иван Юрич “Миланға” қарсы ойын алдында баспасөз мәслихатында қатысты. Италия чемпионатының тоғызыншы туры аясындағы кездесу 28 қазан күні кешке өтеді.

Юрич соңғы ойындардағы нәтижеліліктің төмендігі мен бірнеше тең нәтижелерге қарамастан, жақсы көңіл күйде екенін айтты. “Біз көптеген мүмкіндік жасадық, бірақ оларды голға айналдыра алмадық.

Команда жақсы жағдайында, Лукман толық құрамда, оған тек гол соғу жетіспей тұр. Әр 2-3 күн сайын ойнау қиын, бірақ біз өз жағдайымызды үнемі талдап отырамыз.

"Миланның" қарқынын тоқтату үшін бізге ырғақ пен тұрақтылық қажет”, - деді Юрич Football Italia басылымына берген сұхбатында. Сондай-ақ, бапкер қақпашы Марко Карнезеккимен ешқандай келіспеушілік жоқ екенін, оған қатысты айтылған сөздер тек эмоция әсерінен болғанын атап өтті.

"Милан" Серия А турнир кестесінде 17 ұпаймен үшінші орында тұр. "Аталанта" болса 12 ұпаймен жетінші орында орналасқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Юрич "Милан" мен кездесуін бағалады