date

Рашфорд өзінің сүйікті бапкерін айтты

Рашфорд өзінің сүйікті бапкерін айтты
Барселона футболшысы Маркус Рашфорд "Манчестер Юнайтед" клубындағы мансабы кезінде Уле Гуннар Сульшермен бірге жұмыс істеген кездерін еске алды. Норвегиялық маман "қызыл шайтандардың" бас бапкері қызметін 2018 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қарашасына дейін атқарған.

"Уле – тамаша адам. Онымен жұмыс істеу маған да, сол кездегі "Манчестер Юнайтедтің" басқа ойыншыларына да өте ұнады.

Сульшердің қол астында жақсы футбол ойнадық және бұл кезең мен үшін де сәтті болды. Ол туралы жаман сөз айта алмаймын," – деді 27 жастағы футболшы TV 2 Sport телеарнасына берген сұхбатында.

Маркус Рашфорд биыл жазда "Манчестер Юнайтедтен" кетіп, "Барселона" клубына жалға берілді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Рашфорд өзінің сүйікті бапкерін айтты