
Футбол агенті Паулу Барбоза ПСЖ қақпашысы Матвей Сафонов туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, Сафонов биылғы маусымда өз клубында алаңға шықпай, уақытын бекерге өткізіп жатыр.
"Сафонов ойнауы керек, бұл оның міндеті. Қазір, өкінішке қарай, ол уақытын жоғалтып жатыр.
Жас әрі күш-жігерге толы шақта мүмкіндіктерді пайдаланып, дамуға тиіспіз," – деді Барбоза "RB Sport" басылымына берген сұхбатында. Сарапшының пікірінше, Сафоновтың өзі де қысқы трансфер терезесінде клубын ауыстыру қажеттігін түсінген болуы мүмкін.
Белгілі болғандай, биылғы маусымда Сафоновтың негізгі бәсекелесі — "Лилл" клубынан сатып алынған Люка Шевалье саналады. Қазіргі уақытқа дейін Сафонов ПСЖ құрамында ресми ойындарға қатыспаған.
Өткен маусымда ресейлік қақпашы ПСЖ сапында 17 ресми ойында алаңға шыққан еді. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар