
Испания чемпионатында он тур өтіп үлгерді. Мадридтің "Реал" клубы турнир кестесінде көш бастап тұр және "Барселонадан" бес ұпайға алда келеді.
"Патшалық клубтың" көптеген футболшылары әртүрлі статистикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшы, соның ішінде жасалған гол мүмкіндіктері (соғу үшін пас беру) бойынша да. Squawka мәліметіне сәйкес, Килиан Мбаппе Ла Лигада ең көп мүмкіндік жасаған футболшы (27 рет).
Екінші орынды Арда Гюлер мен Педри бөлісіп алған, олар 25-тен мүмкіндік жасаған. Келесі орында "Вильярреал" футболшысы Никола Пепе (24) орналасқан, бесінші орында Винисиус Жуниор (23) тіркелген.
Жуырда "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен "Эль-Класикода" "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар