date

Юве Спаллеттиді бас бапкер етіп таңдады

Юве Спалеттини бас бапкер етіп таңдады
Туриннің "Ювентус" клубы жаңа бас бапкер ретінде бұған дейін "Зенит" пен Италия құрамасын басқарған тәжірибелі маман Лучано Спалеттини таңдады. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздерге қарағанда, Спалетти "Ювентусты" басқаруға келісімін берген және тараптар 2026 жылғы маусым айына дейінгі келісімшарт бойынша ауызша уағдаластыққа қол жеткізген. Келісімшартты әрі қарай ұзарту мүмкіндігі бар, егер команда Еуропа Чемпиондар Лигасына жолдама алса.

Қазіргі уақытта құжаттарды адвокаттар қарап жатыр және жақын арада ресми қол қою рәсімі өтеді деп күтілуде. Еске салайық, "Ювентус" бұған дейінгі бас бапкер Игор Тудорды қызметтен босатқан еді.

Себебі, команда жаңа маусымды сәтсіз бастады: сегіз турдан кейін "Ювентус" Италия А сериясында 12 ұпаймен сегізінші орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Юве Спаллеттиді бас бапкер етіп таңдады