date

Винисиус Жуниор "Эль-Класикодағы" әрекеттері үшін кешірім сұрады

Винисиус Жуниор "Эль-Класикодағы" әрекеттері үшін кешірім сұрады

"Реал Мадридтің" жас жұлдызы Винисиус Жуниор соңғы "Эль-Класико" матчындағы даулы жағдайдан кейін жанкүйерлер алдында кешірім сұрады. Оның айтуынша, ойындағы құштарлық пен жеңіске деген ұмтылыс кейде оның эмоцияларын бақылауды қиындатқан.

"Бүгін мен барлық мадридтік командадан, клуб басшылығы мен командаластарымнан "Эль-Класикодағы" әрекетім үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Мен әрқашан жеңіске жету үшін жанталасамын, сондықтан менің құштарлығым кейде шектен шығып кетеді. Бірақ бұл тек бір нәрседен шығады - "Реал Мадридке" деген шексіз махаббатымнан," - деді бразилиялық футболшы клубтың ресми мәлімдемесінде.

Винисиустың айтуынша, ол әрқашан клубтың намысы үшін алаңда бар күшін салады және бұл жолдан қайтқысы келмейді. "Корольдік клуб үшін әр секундта күресу мен үшін абырой. Мен өмірге келгеннен бері жеңіске ұмтылып келемін. Бұл құштарлықты ештеңе өшіре алмайды," - деп қосты ол.

Еске салайық, "Эль-Класиконың" 72-минутында ауыстырылған Винисиустың ашумен алаңнан кеткені және бұл жағдай ойыннан кейін кең талқылауға себеп болған еді. Кейбір басылымдар оның "мен кетемін" деген сөзін жазса, клуб ішінде бұл жағдай талқыланды.

Сонымен қатар, "Реал" жаттықтырушылар штабы Винисиустың кешірімін және түсініктемесін қабылдағаны айтылады. Ол бүгінгі жаттығуға командаластарымен бірге толық қатысып, көңіл-күйі жақсы екені айтылды.

"Реал Мадрид" басшылығы бұл жағдайды жабық деп санайды. Бірақ футболшы жанкүйерлер алдында тағы да жүрек сөзін айтты: "Менің мінезім - бәсекеге қабілетті, құштар және жеңіс үшін күресуші. Бұл сезімдер менің махаббатымды, клубқа деген адалдығымды білдіреді."

Бразилиялық вингер осы маусымда "Реал" сапында 10 ойынға қатысып, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Винисиус Жуниор "Эль-Класикодағы" әрекеттері үшін кешірім сұрады