date

Бербатов Виртсті Модричке салыстырды


Бұрынғы әйгілі футболшы Димитар Бербатовтың пікірінше, Флориан Вирц "Ливерпуль" құрамында әлі-ақ жарқырайды. Болгариялық маман неміс футболшысының мықты жақтарын да ерекше атап өтті.

"Вирцтің футболды түсінуі, бос аймақтарды іздеу қабілеті, өз позициясын таңдау мәнері, доппен жұмыс істеу шеберлігі, импровизациясы, пас пен соққылары — бәрі таңғаларлық. Әрине, біреу оның дене бітімі Англия Премьер-лигасына жарамайды деп айтуы мүмкін.

Бірақ, Модричке қараңыз — оның да физикалық тұрпаты тура сондай. Бірақ Модрич — нағыз жыртқыш футболшы.

Ол керемет ойыншы. Сондықтан Вирцке уақыт беріңіздер.

Ол "Ливерпульде" керемет футболшы болады", — деді Бербатов Рио Фердинанд подкастында. 2025/2026 жылғы маусымда Флориан Вирц 13 ойында алаңға шығып, 3 рет нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Бербатов Виртсті Модричке салыстырды