
«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри санынан жарақат алып, команданың алдағы ойындарын өткізіп жібереді. Каталониялық клуб 22 жастағы футболшының жарақаты туралы хабарлағанымен, оның қалпына келу мерзімі жөнінде ресми ақпарат берген жоқ.
Испаниялық басылымдардың, соның ішінде AS газетінің мәліметінше, Педри үш апта бойы алаңға шыға алмайды. Ол қараша айындағы ұлттық құрамалар ойындарына арналған үзілістен кейін оралады деп күтілуде.
Үзіліске дейін «Барселона» үш ойын өткізеді: «Эльче» (2-қараша, Ла Лига), «Брюгге» (5-қараша, Чемпиондар Лигасы) және «Сельта» (9-қараша, Ла Лига). Қазіргі таңда «Барселона» Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында келеді.
Ал «Реал» он турдан кейін «Барселонадан» бес ұпайға көп жинаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз