date

Винисиус Алонсо қалса, "Реалдан" кетеді


Бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор ауыстырылғаннан кейін ашуымен көрсеткен реакциясы үшін кешірім сұрады, алайда ол өз мәлімдемесінде бапкер Чаби Алонсоны атап өтпеді. Бұл футболшы мен бапкер арасында қайшылық бар екенін көрсетеді.

Испанияның Sport басылымында Винисиустың болашағы туралы мақала жарияланды. Онда бразилиялық футболшы Чаби Алонсо "Реал" бас бапкері қызметінде қалатын болса, келесі жазда команданы тастап кетуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланған.

Дереккөздердің айтуынша, Винисиус пен Алонсо арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру дерлік мүмкін емес. Футболшы бапкерді өзіне немқұрайлы және әділетсіз қатынас жасады деп айыптауда, әсіресе "Реал" президенті Флорентино Перестің жаңа сүйіктісіне айналған Мбаппені басқаша қарайтыны оған ұнамайды.

Винисиус Жуниордың "Реал"-мен қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жасалған. Сонымен қатар, футболшы "Реал"-дан кетсе, қай клубқа өтуді қалайтыны да белгілі болған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Винисиус Алонсо қалса, "Реалдан" кетеді