
Мадридтің "Реал" футбол клубы өзінің ресми сайтында мәлімдеме жариялады. Клуб Мадрид Апелляциялық сотының шешімін оң бағалады.
Аталған сот УЕФА, Испания Корольдік футбол федерациясы және Ла Лига берген апелляцияларды қанағаттандырмаған еді. Сот шешімінде айтылғандай, УЕФА Суперлига мәселесінде Еуропа Одағының еркін бәсеке ережелерін бұзған және өз беделін теріс пайдаланған.
«Бұл шешім клубқа үлкен көлемдегі шығындар мен залалдар үшін талап-арыз беруге мүмкіндік ашады», — делінген "Реалдың" мәлімдемесінде. Сонымен бірге, "Реал" осы жыл бойы УЕФА-мен келіссөздер жүргізгенін, бірақ ашық басқару, қаржылық тұрақтылық, футболшылардың денсаулығын қорғау және жанкүйерлер үшін тегін трансляцияларды қамтитын жетілдірулер бойынша келісімге жете алмағанын атап өткен.
«Осыған байланысты клуб әлемдік футболды дамыту және жанкүйерлердің мүдделерін қорғау жолында жұмысты жалғастыру ниетін растайды. Сонымен қатар, УЕФА-дан келтірілген зияндар үшін өтемақы талап етеді», — делінген "Реалдың" мәлімдемесінде.
Реал Мадрид УЕФА-мен күресті жалғастырады
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз