
А Серия аясындағы тоғызыншы тур матчында Туриннің "Ювентус" командасы өз алаңында "Удинезе" клубын қабылдады. Ойын қожайындардың 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Бұл нәтиже "Ювентусқа" барлық жарыстардағы сегіз ойыннан тұратын жеңіссіз серияны тоқтатуға мүмкіндік берді. Команда соңғы рет 13-қыркүйекте "Интерді" 4:3 есебімен ұтқан болатын.
Айта кету керек, "Удинезеге" қарсы матч "Кәрі синьора" үшін бас бапкер Игор Тудор отставкасынан кейінгі алғашқы ойын болды. Қазіргі уақытта "Ювентус" Италия чемпионатының турнир кестесінде 9 матчтан кейін 15 ұпаймен жетінші орынды иеленіп тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар