
Бұрынғы "Реал" футболшысы Тони Кроос қазіргі маусымда "Барселона" құрамында қай футболшы жетіспейтінін айтты. Кроостың пікірінше, бұл жазда "Ал-Наср"-ға кеткен қорғаушы Иниго Мартинес.
"Мен бұған дейін де айтқанмын, Иниго Мартинес "Барселона" үшін өте маңызды болды. Ол қорғаныстан допты шығару жағынан ең үздік футболшылардың бірі еді.
Дұрыс, ол ең жылдам футболшы емес, бірақ бірінші пас беруде шеберлігі бар. "Реал"-ға қарсы ойында Мартинестің жоқтығы байқалды – команда қарсыластың прессингіне қарсы қиналды.
"Барселона" әлі де Инигоға тең деңгейде алмастырғыш таба алмады", – деді Кроос Einfach mal Luppen подкастында. Айта кетейік, "Барселона" өткен апта соңында "Реал"-ды қабылдаған ойында 1:2 есебімен жеңілді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз