date

Реал Эндрикті тек бір шартпен жалға береді

Реал Эндрикті тек бір шартпен жалға береді
Мадридтің "Реал" клубы шабуылшы Эндрикті қысқы трансфер терезесінде жалға беру ұсыныстарын қарастыруға дайын. 19 жастағы бразилиялық футболшы Хаби Алонсоның қол астында алаңға шықпай жатыр.

Сондықтан клуб оның басқа командада тәжірибе жинауы тиіс деп есептейді. Алайда TEAMtalk ақпарына сәйкес, "Реал" басшылығы Эндрикті жалға беруге тек бір шартпен келіспек: футболшының жалақысын толық өтеу және келісім үшін өтемақы төлеу қажет болады.

Эндрикке "Астон Вилла", "Вест Хэм" және "Брайтон" қызығушылық танытып отыр. Әсіресе, "Брайтон" бұл дарынды футболшыны толыққанды трансфер арқылы өз қатарында көргісі келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Реал Эндрикті тек бір шартпен жалға береді