Kivu: "Алғашында қатты толқитынмын"

Kivu: "Алғашында қатты толқитынмын"
Миланның "Интер" клубының бас бапкері Кристиан Киву қазіргі қызметінде жұмыс істеу тәжірибесі туралы өз ойларымен бөлісті. Румын маманы маусым айында Симоне Индзагиді алмастырып, клубты басқарған еді.

"Топ-клубта жұмыс істеу қандай сезім? Өзім туралы сөйлегенді онша ұната бермеймін.

Басында қатты толғандым және уайым көп болды – көптеген мәселелерді шешу керек еді. Енді бәрі өз орнына түсіп, жұмыс барысынан ләззат алып жатырмын", – деді Киву DAZN телеканалына берген сұхбатында "Фиорентина" үстінен 3:0 есебімен жеткен жеңістен кейін.

"Нерадзурри" Италия А Сериясының турнирлік кестесінде 9 турдан кейін 18 ұпаймен үшінші орынды иеленіп тұр және көшбасшы "Наполиден" үш ұпайға қалып келеді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар