date

Беллингемнің сүйікті қарсыласы — Барселона

Беллингэмнің сүйікті қарсыласы — Барселона
Өткен апта жексенбі күні Мадридтің "Реал" командасы өз алаңында "Барселонаны" жеңді. Ла Лиганың оныншы турынан орын алған осы "Эль Класико" текетіресі 2:1 есебімен аяқталды.

"Қаролдық клубтың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингэм бұл ойында гол соғуға қол жеткізді. Ағылшын футболшысы үшін бұл гол "Барселона" қақпасына салған төртінші добы болды.

Қызығы, Беллингэм дәл осы "Барселонаға" қарсы ойындарда ең көп гол соққан. Сонымен бірге, ол "Жирона" командасына да төрт рет гол соққан.

Сондай-ақ, "Манчестер Сити", "Севилья" және "Айнтрахт" командаларының қақпасына үш мәртеден гол енгізген. Осы маусымда 22 жастағы футболшы барлық турнирлерде жалпы сегіз ойында алаңға шығып, екі гол және бір нәтижелі пас авторы атанды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Беллингемнің сүйікті қарсыласы — Барселона