date

Дәрігер Ламин Ямалдың "Эль Класикодағы" ойынының себебін ашты...

Дәрігер Ламин Ямалдың "Эль Класикодағы" ойынының себебін ашты...

"Барселонаның" жас таланты Ламин Ямалдың соңғы "Эль Класикодағы" бәсеңдеген ойыны футбол қауымдастығында қызу талқылануда. Жанкүйерлер оның неге өзін әдеттегідей көрсете алмағанына қызығушылық танытқанда, бұл сұраққа спорт дәрігері Педро Руис Риполь жауап берді.

Белгілі маман "El Larguero" басылымына берген сұхбатында Ямалдың "Реалға" қарсы ойындағы әлсіз қимылдары шап жарақатына байланысты екенін айтты. Оның айтуынша, жас футболшы соңғы апталарда ауырсынумен ойнап жүрген, бұл жағдай оның қимыл белсенділігі мен соққы күшіне қатты әсер еткен.

"Жарақаттың бұл түрін емдеу оңай емес. Егер оған дұрыс күтім жасалмаса, толық қалпына келу үшін бірнеше ай қажет. Бұл жарақат ойыншының қозғалыс мүмкіндігін шамамен жартысына қысқартады. Біз мұны "Эль Класикода" айқын көрдік - Ямал алаңда шектеулі қимылдады, соққы жасауға қиналды," - деді Риполь.

Дәрігердің айтуынша, бұл түрдегі жарақат футболшыға алаңға шығуға мүмкіндік берсе де, ол өзінің ең жақсы нәтижесін көрсете алмайды. "Бұл ауырсыну футболшыға ойынға қатысуға мүмкіндік береді, бірақ оның тиімділігін айтарлықтай төмендетеді. Біз мұны Ямалдың ойынында айқын көрдік," - деп қосты маман.

Естеріңізге сала кетейік, 26 октябрьде өткен "Эль Класикода" "Барселона" қонақта "Реал Мадридке" 1:2 есебімен жеңілді. Ойын барысында Ямал күткендей белсенді бола алмады және бірнеше спорт басылымдарынан төмен баға алды.

Ямал маусым басынан бері "Барселона" сапында ең жас және болашағы зор ойыншылардың бірі ретінде көзге түскен еді. Оның сол қапталдағы жылдамдығы мен техникасы жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылықпен бақыланды. Бірақ "Эль Класикодағы" құлдырау көпшілікті таң қалдырды.

Педро Рипольдің айтуынша, бұл уақытша жағдай, жас футболшыда ауыр жарақат белгілері байқалмаған. "Ямал толық қалпына келуі үшін үзіліс қажет. Оның жасы үлкен артықшылық, ағза тез қалпына келеді," - деді дәрігер.

Дәрігерлер штабы Жамалдың жағдайын жақын күндері қайта бағалайтынын хабарлады. Егер барлық процесс жоспарға сәйкес өтсе, футболшы желтоқсан айында толыққанды бабына оралуы мүмкін.

Жанкүйерлер әзірге жас таланттың денсаулығына алаңдаулы, өйткені Ямал "Барселона" болашағының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Оның салауатты ойыны командалық шабуылдың негізгі тірегі болып табылады.

Осылайша, "Эль Класикодағы" құлдыраудың себебі анықталды - бұл шаршау немесе психологиялық қысым емес, шын мәнінде жарақатпен байланысты жағдай екені белгілі болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Дәрігер Ламин Ямалдың "Эль Класикодағы" ойынының себебін ашты...