date

ПСЖ футболшысы қысқы трансферді қалайды


ПСЖ-дің орталық қорғаушысы Лукас Бералдо қысқы трансфер терезесінде команданы тастап кеткісі келетінін хабарлады. Бұл туралы журналист Екрем Конур мәлімдеді.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, 21 жастағы бразилиялық футболшы келесі АҚШ-та өтетін Әлем чемпионатына қатысу үшін көбірек ойын тәжірибесіне ие болғысы келеді. Бералдоға АПЛ және А Серия клубтары қызығушылық танытуда.

ПСЖ қорғаушысын 30 миллион еуроға бағалаған. Осы маусымда Бералдо Франция чемпионатында жеті ойында алаңға шығып, бір рет гол соққан.

Алайда, ол Чемпиондар лигасы ойындарына қатыспаған. Бералдоның қолданыстағы еңбек шарты 2028 жылдың маусым айына дейін жарамды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » ПСЖ футболшысы қысқы трансферді қалайды