
«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола команда шабуылшысы Эрлинг Холандтың Англия Премьер-лигасының келесі ойынына қатысуы белгісіз екенін мәлімдеді. Норвегиялық футболшы «Суонси» командасына қарсы Лига кубогы кездесуін өткізіп жіберді.
Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Гвардиола Холандтың денсаулығында аздаған мәселелер бар екенін айтқан еді. Аталған кездесуден кейін бапкер «қалалықтар» жанкүйерлерін қуантатын жаңалық айта алмады: «Холанд келесі ойынға дайын бола ма?
Әзірге білмеймін. Көреміз», — деді Гвардиола.
Еске сала кетейік, «Манчестер Сити» сырт алаңда «Суонси» командасын 3:1 есебімен жеңді. Гвардиоланың командасы 2 қараша күні Премьер-лигада өз алаңында «Борнмутқа» қарсы ойнайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар