date

Вератти Мбаппенiң "Реал"-дағы ойынын бағалады

Вератти Мбаппенің "Реал"дағы ойынын бағалады
Бұрынғы "Пари Сен-Жермен" футболшысы Марко Вератти Килиан Мбаппенің Мадридтің "Реал" клубындағы жетістіктерін бағалады. Өткен маусымда француз шабуылшысы үшін "Реал" сапындағы дебюттік маусым болды және клуб үшін аса сәтті өтпегенімен, Мбаппе 44 гол соғып, Еуропаның "Алтын бутсасын" жеңіп алды.

Қазіргі маусымда ол 13 ойында 16 гол соғуға қол жеткізді. "Мбаппеге "Реалға" бейімделу үшін біраз уақыт керек болды, бірақ ол Ла Лиганың ең үздік сұрмергені атанды және "Алтын бутсаға" қол жеткізді.

Қазіргі маусым көрсетіп отыр – бұл оның шегі емес еді. Қазір Килиан әлемде теңдессіз футболшы", – дейді Вераттидің сөзін келтіреді Madrid Xtra.

Италиялық жартылай қорғаушы Мбаппемен бірге "Пари Сен-Жерменде" ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Вератти Мбаппенiң "Реал"-дағы ойынын бағалады