date

Наполи Манчестерден жартылай қорғаушы іздеуде

Наполи Манчестерден жартылай қорғаушы іздеуде
«Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Кобби Мейну «Наполи» клубының трансферлік мақсаттарының бірі болып тұр. Италиялық бұл клуб ағылшын футболшысын өз құрамына қосуды қалайды.

Бұл қызығушылық Кевин де Брёйне жарақатына байланысты артты, себебі бельгиялық футболшы шамамен төрт ай алаңға шыға алмайды. Бұдан бөлек, Андре-Франк Замбо-Ангисса қаңтарда Африка Ұлттар Кубогында ойнауы мүмкін, бұл болса Антонио Контенің командаға жаңа күш қажет етуіне себеп болуда.

Corriere dello Sport басылымының хабарлауынша, «Наполи» Мейнуді маусым соңына дейін жалға алуды жоспарлап отыр, алайда келісімшартта футболшыны сатып алу бабы көзделмеген. 20 жастағы футболшы Рубен Аморим басқаратын командада тұрақты түрде ойынға шыға алмағанына көңілі толмайды.

Ол тамыз айында-ақ арендаға беруді талап еткен, бірақ «қызыл шайтандар» басшылығы бұл сұранысты қабылдамаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Наполи Манчестерден жартылай қорғаушы іздеуде