date

Винисиус Еуропаның екі грандын қызықтырды

Винисиусті Еуропаның екі гранд командасы қызығушылық танытты
Мадридтің "Реал" клубының вингері Винисиус Жуниорға деген қызығушылықтар саны арта түсуде. "Эль Класико" матчындағы жанжалдан кейін бразилиялық жұлдыздың "Корольдік клубпен" қоштасуы мүмкін екені туралы қауесеттер тарап жатыр.

Кездесуде Винисиус ауыстырылған кезде ашулы реакциясы бас бапкер Хаби Алонсо мен "Реал" басшылығының наразылығына себеп болған. OK Diario мәліметі бойынша, "ПСЖ" мен "Бавария" Винисиус Жуниорды өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын.

Бразилиялық футболшы үшін таласта ағылшын грандтары да қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, ол Сауд Арабиясының Про Лигасында да сұранысқа ие футболшылар тізімінде қалып отыр.

Transfermarkt порталының мәліметінше, 25 жастағы Винисиус Жуниордың трансферлік құны 150 миллион еуроға бағаланған. Футболшының қазіргі келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Винисиус Еуропаның екі грандын қызықтырды