date

Аморим: Манчестер Юнайтедтегі бірінші жыл өте қиын болды

Аморим: Манчестер Юнайтедтегі бірінші жыл өте ауыр болды
Манчестер Юнайтед бас бапкері Рубен Аморим командада өткізген бірінші жылындағы әсерлерімен бөлісті. Португалиялық маман өткен жылдың қараша айында қызметінен босатылған Эрик тен Хагтың орнына тағайындалған болатын.

«Артта үлкен жол қалды. Бұл өте ауыр, кейде қиын, кейде оң сәттерге толы жыл болды.

Мен көп нәрсе үйрендім және ең қиын сәттерде де өз сеніміме адал болдым. Болашақта командада тағы бірнеше жыл жұмыс істегім келеді», – деді Аморим The Touchline басылымына.

Өткен маусымда Манчестер Юнайтед Англия Премьер-лигасында 15-орын алып, Еуропа лигасы финалына шықты, бірақ онда Тоттенхэмнен жеңіліп қалды. Қазіргі АПЛ маусымының тоғыз турынан кейін «қызыл әзәзілдер» турнир кестесінде алтыншы орынды иеленіп тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Аморим: Манчестер Юнайтедтегі бірінші жыл өте қиын болды