
Бұрынғы "Барселона" ойыншысы Жорди Альба команданың қазіргі бас бапкері Ханс-Дитер Флик жайлы пікірін айтты. Испандық футболшы Фликпен "Барселонада" бір уақытта ойнамаған: Альба 2023 жылы "Интер Майамиға" ауысқан болса, Флик келесі жазда Хавидің орнын басқан.
Соған қарамастан, 36 жастағы футболшы "көк-анар түстілердің" қазіргі бапкері жайлы көп жағымды пікір естігенін мәлімдеді. "Мен "Барселонадағы" көптеген бұрынғы командаластарыммен сөйлестім және олар Флик пен оның жұмысын үнемі мақтайды", – деді жақында мансабын аяқтайтынын жариялаған Альба, "Barca Times" басылымына берген сұқбатында.
Өткен маусымда Каталония клубы Ла Лигада, Испания кубогында және елдің Суперкубогында жеңіске жеткен еді. Қазіргі кезде команда чемпионатта екінші орында және "Реал Мадридтен" бес ұпайға кейін қалып келеді.
Альба: "Барселона" футболшылары Фликке мақтау айтудан тыйылар емес
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 