date

Шесни Мбаппе пеналтисін қайтарғаны туралы өз пікірін білдірді

Шесни Мбаппе пенальтисін қайтарғаны туралы өз пікірін білдірді
«Барселона» сырт алаңда «Реалға» қарсы ойында 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осы матчта каталониялықтардың қақпашысы Войцех Шесни Килиан Мбаппенің пенальтисін қайтарып, назар аудартты.

Шесни осылайша Мессидің, Мбаппенің және Неймардың пенальтисін қайтарған жалғыз қақпашы болып қала беруде. «Жақсы тізім, бірақ қазір ол туралы көп ойламаймын.

Бәлкім, жасым ұлғайған кезде бұл жетістіктің қадірін дұрыс бағалармын», – деді Шесни «Барселонаның» YouTube арнасында жарияланған видеода. Шесни ойындар алдында қарсылас командалардың пенальти орындаушыларын терең талдайтынын да мойындады.

«Мен қарсыластарды көп зерттеймін. Олардың пенальтиден соңғы 20 соққысын талдаймын – қайда тебеді, қандай жылдамдықта, қаншалықты сенімді.

Эль-Класико алдында Мбаппені зерттеп шықтым. Ол соңғы рет соққы жасаған жерге секірдім», – деп түсіндірді Шесни.

«Барселонаның» алдағы ойыны 2 қараша күні «Эльче» командасына қарсы өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Шесни Мбаппе пеналтисін қайтарғаны туралы өз пікірін білдірді