date

АПЛ-дың үш алыбы Баварияның жұлдызына қызығуда


Англияның үш ірі клубы "Баварияның" 17 жастағы шабуылшы жартылай қорғаушысы Леннарт Карлдың жетістіктерін жіті бақылауда. Жас вундеркинд Чемпиондар лигасы мен Бундеслигада бір реттен гол соғып үлгерді және жалпы есепте Венсан Компани командасында 12 ойында алаңға шыққан.

City Xtra басылымының хабарлауынша, "Манчестер Сити" өкілдері футболшыны бақылап жүр және "Бавариямен" жаңа келісімшарт жөніндегі келіссөздер сәтсіз аяқталса, оны өз қатарына қосуға дайын. Сондай-ақ, жас неміс футболшысына Лондонның "Арсенал" және "Челси" клубтары да қызығушылық білдіріп отыр.

Леннарт Карлдың трансферлік құнын Transfermarkt порталының мамандары 20 миллион еуроға бағалаған. Футболшының қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жасалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » АПЛ-дың үш алыбы Баварияның жұлдызына қызығуда