Спалетти - "Ювентус" үшін жалғыз таңдау

Спалетти - "Ювентус" үшін жалғыз таңдау
Италиялық журналис Энцо Палладини бұрынғы "Зениттің" бас жаттықтырушысы Лучано Спалеттидің "Ювентустың" бас жаттықтырушысы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді. "Бұл – қисынды әрі күтілген шешім.

Менің ойымша, Туддорының отставкасынан кейін Спалетти бірден "Ювентус" үшін шын мәніндегі жалғыз кандидат болды. Лучаноның А Серияға оралуы – үлкен оқиға", – деді журналист "Спорт-Экспресс" басылымына.

Белгілі болғандай, әйгілі маман "Кәрі синьорамен" бүгінгі маусымның соңына дейін келісімшартқа қол қойған. Италия А Сериясының тоғызыншы турынан кейін "Ювентус" 15 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр.

Турин клубы көшбасшы "Наполиден" алты ұпайға қалып келеді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар