date

Франция чемпионатында алты мықты команда бір-біріне жақын


Франция чемпионатының жоғарғы бөлігінде бақ сынаған командалардың өзара бәсекесі соңғы 13 жылда ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы Opta статистикалық порталы хабарлады.

Қазіргі уақытта турнир кестесінде "ПСЖ" көш бастап тұр және 21 ұпайға ие. 10-турдан кейін "Монако", "Марсель", "Страсбур", "Лион" және "Ланс" командалары "ПСЖ"-дан бар болғаны 2 ұпайға артта орналасқан.

14 жыл бұрын да дәл осындай жағдай байқалған еді. Ол кезде 15-турдан кейін "Лион" мен "Марсель" чемпионаттың көшбасшылары болды.

Ал "Лилль" 8-орында болып, көшбасшылардан 5 ұпайға, төмен түсу аймағынан да 5 ұпайға алшақ еді. Нәтижесінде "Лилль" маусымды чемпион ретінде аяқтаған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Франция чемпионатында алты мықты команда бір-біріне жақын