date

Спалетти: "Ювентус" мүшесі болу – ғажап нәрсе


Жаңа бас бапкер Лучано Спаллетти «Ювентус» клубына келуі туралы пікір білдірді. «Алғашқы әсерлер керемет.

Бәріміз бұл клубтың тарихын, ұйымын жақсы білеміз. Бұл жерде әрқашан жоғары талаптар бар, дегенмен «Ювентустың» бір бөлігі болып, барлығын ішінен көру – фантастика», – деді Спаллетти баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 66 жастағы Спаллетти «Ювентус» бас бапкері қызметінде Игор Тудордың орнына тағайындалды. Италия чемпионатының тоғыз турынан кейін, Турин клубы турнир кестесінде 15 ұпаймен жетінші орында тұр.

1 қараша күні Спаллеттидің шәкірттері қонақта «Кремонезеге» қарсы алаңға шығады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Спалетти: "Ювентус" мүшесі болу – ғажап нәрсе