
“Арсенал” соңғы рет 2004 жылы Англия Премьер-лигасында чемпион болған еді. Сол кезде “зеңбірекшілер” маусымды жеңіліссіз аяқтай алған болатын.
Бұл нәтижеге әлі ешқандай команда жете алған жоқ. Соңғы жылдары “Арсенал” айтарлықтай өсуге қол жеткізді, бірақ чемпионатты екінші орында аяқтап жүр.
Биылғы маусымда Микель Артетаның командасы турнир кестесінде көш бастап келеді. Аретадан осы маусым Премьер-Лиганың чемпионы атану үшін тамаша мүмкіндік екені жайлы сұралды.
«Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Бірақ біз бұның қаншалықты күрделі екенін жақсы білеміз.
Тұрақты ойын көрсетуіміз керек. Ертең бізді өте қиын ойын күтіп тұр.
Жеңіске жету үшін өз ойынымыздың ең жоғары деңгейін көрсетуіміз қажет», – деді Артета баспасөз мәслихатында. 1-қараша күні “Арсеналдың” қарсыласы “Бёрнли” болады.
Артета: Чемпиондыққа мүмкіндігіміз жоғары
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар